ПЕДАГОГТАРДЫҢ ДЕМАЛЫСЫ ҚАНША КҮНГЕ ТӨЛЕНЕДІ?

2025 жылы педагогтардың демалысы қанша күнге төленеді? Бұл сұраққа Түркістан облыстық білім кәсіподағының төрағасы Жандос Шайдулла түсіндірме береді.

ҚР Еңбек Кодекстің 84-бабының 5-тармағына сәйкес Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар – православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады және мемлекеттік мерекелер тізіміне кірмейді.

2025 жылы Құрбан айт 6 маусымға сәйкес келеді. Осыған байланысты, егер Құрбан айттың бірінші күні немесе 7 қаңтар – православиелік Рождество еңбек демалысы кезеңіне сәйкес келсе, БҰЛ КҮНДЕРГЕ ДЕМАЛЫС ҰЗАРТЫЛМАЙДЫ.

Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267-ІІ Заңы.

5-бап. Мереке күндері

Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттік мерекелер атап өтілетін күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндері деп танылады.

Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады.

Демалыс кезеңіндегі жұмыс күндерінің саны:

Бес күндік жұмыс аптасы:

2025 жылы 2 маусымнан демалысқа шыққан педагог еңбек демалысының ақысы 02.06 – 28.07.2025 ж. аралығында 56 күнтізбелік күннің ішіндегі 39 жұмыс күндері үшін төленеді.

Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы N 1468-XII Заңы.

Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақта еңбектің зиянды жағдайында жұмыс істегені үшін берілетін демалыстың үстіне жыл сайын ақы төленетін қосымша 7 күнтізбелік демалыс белгіленеді.

Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтағы педагогтар үшін 2025 жылы 2 маусымнан демалысқа шыққан еңбек демалысының ақысы 02.06 – 04.08.2025 ж. аралығында 63 күнтізбелік күннің ішіндегі 44 жұмыс күндері үшін төленеді.

Алты күндік жұмыс аптасы:

2025 жылы 2 маусымнан демалысқа шыққан педагог еңбек демалысының ақысы 02.06 – 28.07.2025 ж аралығында 56 күнтізбелік күннің ішіндегі 47 жұмыс күндері үшін төленеді.

Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақтағы педагогтар үшін 2025 жылы 2 маусымнан демалысқа шыққан еңбек демалысының ақысы 02.06 – 04.08.2025 ж аралығында 63 күнтізбелік күннің ішіндегі 53 жұмыс күндері үшін төленеді.

Егер еңбек демалысы кезеңіне 6 шілдедегі мереке күні түссе, бұл күн демалыс күндерінің санына қосылмайды және тиісінше демалыс осы күнге ұзартылады.

Педагогтардың еңбек демалысы ақысының есептелуі туралы.

Орташа жалақыны есептеу тәртібі «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығымен (әрі қарай — Қағидалар) реттеледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012533.

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес қызметкердің орташа жалақысы орташа күндік жалақыны бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасындағы жұмыс уақытының теңгеріміне қарай *оқиға кезеңіне сәйкес келетін жұмыс күндерінің санына көбейту жолымен есептеледі.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды