ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БАСТАМА

Қазақстан Халық партиясы Жеңістің 80 жылдығына арналған жалпыреспубликалық іс-шаралар циклін өткізді. Бұл туралы «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы хабарлады.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстан Халық партиясы «Мәдени мұра» жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерін қамтыған кең ауқымды іс-шаралар легін ұйымдастырды.

Партияның бастамасымен:

🔹 700-ге жуық патриоттық, мәдени және әлеуметтік іс-шара өтті;

🔹 30 000-нан астам азамат қамтылды;

🔹 500-ге жуық ардагерге құрмет көрсетілді;

🔹 60 ескерткіш пен мемориал тексеріліп, жөндеу жұмыстары өткізілді;

🔹 1000-нан астам көшет отырғызылып, ескерткіштер маңында сенбіліктер ұйымдастырылды;

🔹 Жастардың қатысуымен әскери-патриоттық сайыстар өткізілді.

Бұл іс-шаралар — тарихты жаңғырту, ерлікті ұлықтау және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жолындағы маңызды бастама.

Қазақстан Халық партиясы Ұлы Жеңістің тарихи маңызын естен шығармай, ел есінде сақтауға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды