Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні!
Мемлекеттік рәміздер күні – бұл Көк Туымыз желбіреп, Елтаңбамыз асқақтап, Әнұранымыз шырқалған қасиетті күн!
Мемлекеттік рәміздер – елдігіміз бен тәуелсіздігіміздің, бірлігіміз бен тұтастығымыздың нышаны. Бұл күн әрбір қазақстандықтың жүрегінен орын алып, елге деген сүйіспеншілікті арттыра түседі.
“Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, санасын, болашаққа деген үмітін білдіретін құндылықтар. Олар — тәуелсіз еліміздің айрықша белгілері, ұлттың біртұтастығын көрсететін нышандар” — деп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рәміздеріміздің маңыздылығын атап көрсетті.
Осы мерейлі күні Отанымыздың өркендеп, халқымыздың аман болуын тілейміз. Еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын болсын!
Ұрпағымыз білімді, тәрбиелі, отаншыл, байқуатты болсын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!
Арман БАСАРОВ,
«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы

