«Информатика мұғалімі» мамандығы бойынша бакалавр дипломы және «Математика» мамандығы бойынша магистратура дипломы бар, бұл мұғалімнің мектепте математикадан сабақ беруге құқығы бар ма және оған магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төленеді ме? Бұл сұраққа Түркістан облыстық білім кәсіподағының төрағасы Жандос Шайдулла түсіндірме береді.
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 6-параграфының 58-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 Бұйрығы) мұғалімнің біліктілігіне қойылатын талаптар тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат болып табылады. Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім, жұмыс өтіліне қойылатын талаптар қойылмайды.
Осылайша, егер мұғалім «Математика» магистратурасының педагогикалық бейіні бойынша магистр дәрежесін алған жағдайда, онда жалпы білім беретін мектепте математиканы оқытуға және «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қосымша ақы алуға құқығы бар.
Мектепке дейінгі, қосымша, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының педагогтеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы тағайындалады ма?
Жоқ. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына 4-қосымшаның 10-тармағына сәйкес ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі үшін қосымша ақы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне ғана белгіленеді.