Мектептердегі тамақтануды ұйымдастыру механизмдерін мониторингтеу және дамыту «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Түркістан облыстық филиалы Қазақстан Республикасының №26-VIII «Қоғамдық бақылау туралы» заң аясында Түркістан қаласында орналасқан білім беру мекемелерінде тамақтану саласында қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау 19-21 мамыр аралығында жүргізді.Бұл туралы «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Филиал қызметкерлері алғашқы бақылауын Хамза атындағы жалпы білім беретін білім ошағынан бастады. Тексерудің мақсаты – асханалардың санитариялық жағдайын, тамақтану сапасын бақылау, мәзірді зерделеу және тағы басқалар болды.
Аталған білім ошағында жалпы саны 1600 оқушыға білім беріп отырған мектепте тек 100 орынға арналған асхана қарастырылған, яғни 3 ауысыммен тамақтануға мәжбүр болып отыр. Бұл дегеніміз асхананың тарлығы, көлемін кеңейтуді қажет ететінін айқындайды.