МӘМС ҚОРЫНА САУЫҚТЫРУ ЖӘРДЕМАҚЫСЫНАН ҰСТАЛА МА?

МӘМС қорына экологиялық қосымша ақыдан және екі сауықтыру жәрдемақысынан да ұсталады ма? Бұл сұраққа Түркістан облыстық білім кәсіподағының төрағасы Жандос Шайдулла түсіндірме береді.

  1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдар мен жарналарды есептеу үшін қабылданатын табыстары жұмыс берушілер есептеген кірістер болып табылады. Демек, қызметкердің табысы жалақы болып табылады.

Осыған байланысты қызметкердің жалақысынан МӘМС қорына жарна ұсталады.

  1. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 341-бабына сәйкес жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, бюджет қаражаты есебінен төленетін жәрдемақылар мен өтемақылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде алып тасталады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде мемлекеттік білім беру ұйымдарында азаматтық қызметшінің сауықтыру жәрдемақы төлеуден МӘМС қорына жарна ұсталмайды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды