Егер азаматтық іс жөніндегі сот шешімімен тыйым салынған болса, онда Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 160-бабына сәйкес тыйым салу талап қоюдан бас тарту туралы шешім заңды күшіне енген кезде, талап қоюды қанағаттандыру туралы сот шешімін орындаған кезде, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы, қараусыз қалдыру туралы және талап қоюды қайтару туралы ұйғарым заңды күшіне енген кезде тоқтатылады.
Талап қоюды қамтамасыз етудің күшін сол сот іске қатысатын адамның, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша жоюы мүмкін.
Тыйым салуды алу үшін аталмыш істі қарастырған судьяның атына жазбаша өтінішпен жүгіну қажет. Өтінішке сот шешімінің орындалғандығының дәлелін қоса тіркеу керек.
Тыйым салу сот шешімі заңды күшіне енуіне қарай алынатын болады.
Сот акті бойынша талаптарының толық атқарылғандығынан, атқарушылық санкцияның республикалық бюджетке 10% төленгендігінен, жеке сот атқарушының іс жүргізуі үшін ақыны төленуден кейін сот атқарушы мүлікке тыйым салынуын болдырмауы мүмкін.
Сот орындаушысы сіздің мүлкіңізге тыйым сала алатын екі себеп бар:
1) егер сот мүлікке тыйым салса;
2) борышкерге мүлік немесе ақшаны төлету бойынша шешімді орындау барысында.
Бұндай жағдайда тыйым салуды алу үшін бірінші кезекте қарызды өтеуге және бұл туралы тыйым салған сот орындаушысын хабардар ету қажет (қарыздар үшін шекарадан шығармаса не істеу керек). Сот орындаушысы қаулыны мемлекеттік органға жібергеннен кейін және ауыртпалық тоқтатылған соң тыйым салу алынады.
Егер тыйым салу қылмыстық іс бойынша өндіріс барысында салынса, онда тергеуші прокурор немесе соттың санкциясымен тыйым салу алдын ала тергеуден кейін егер іс тоқтатылса алынады. Егер іс сотқа берілсе, онда сотта айыптау немесе ақтау үкімі жағдайында тыйым салу туралы мәселе шешілетін болады.
Назар аударыңыз, тыйым салу үшін барлық қажетті рәсімдерді орындағаннан кейін: қарызды төлеп, сот ұйғарымын орындағаннан кейін сотқа немесе мемлекеттік органға (жағдай бойынша) мүлікке тыйым салуды алу туралы өтінішпен міндетті түрде жүгініңіз. Көбінесе ұзаққа созылған процестер барысында немесе тараптардың сотқа қызығушылығының болмауынан немесе немқұрайлық салдарынан мүлікке тыйым салу оны алып тастау себептерінің жойылуына қарамастан, қалуы мүмкін. (Сіз жылжымайтын мүлікке ауыртпалықтардың болуын осы жерден тексере аласыз).

