«ҰЛТТЫҚ РУХ – ЖҮРЕК ТӘРБИЕСІМЕН ҚАЛЫПТАСАДЫ»

Түркістан облысы білім басқармасының 2025 жылғы №226 бұйрығына сәйкес, А.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларына арналған мазмұнды байқау ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облыстық білім кәсіподағы хабарлады.

Байқаудың басты мақсаты – колледждердегі тәрбие жүйесін ұлттық құндылықтармен ұштастырып, үздік тәжірибелерді насихаттау.

Байқауға облыс бойынша 14 колледж қатысып, жаңашыл жобаларын ортаға салды. Қатысушылар ұлттық рухты дәріптейтін тиімді әдістер мен жұмыс тәжірибелерін таныстырды.

Әділқазылар алқасының құрамында:

  • Түркістан облысы білім басқармасының өкілдері;
  • Ғалымдар мен әдістемелік орталық мамандары;
  • Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының ұйымдастырушы маманы Нилуфар Хильветова болды.

Жеңімпаздарға Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы тарапынан құнды сыйлықтармен алғыс хаттар және барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымы төрағасы Жандос Шайдуллаұлының бастамасымен ұйымымыз өңірде белсенді және жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Алда әлі де ауқымды жобалар күтіп тұр!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды