Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша бір айда басталып, екінші айда аяқталса, еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны қалай дұрыс есептеу керек? Бұл сұраққа Түркістан облыстық білім кәсіподағының төрағасы Жандос Шайдулла түсіндірме береді.
ҚР Еңбек кодексінің 133-бабының негізінде, егер уақытша еңбекке жарамсыздық бір айдан басталып, екінші айда аяқталса, онда 25 АЕК мөлшеріндегі шектеу еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны есептеудің әрбір айы үшін жеке қолданылады.
Мысалда қызметкер 2025 жылдың қаңтарында – 4 жұмыс күні және 2025 жылдың ақпанында 2 күн уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша болды.
Бұл қызметкердің орташа күндік жалақысы қаңтар айына 18000 теңге * 4 = 72 000 теңге. Алынған сома 25 АЕК-тен аспайды (2025 жылға 3932 х 25=98300), демек, қызметкерге қаңтар айына есептеуге 72 000 теңге сомасы беріледі.
Ақпан айына 18000 теңге * 2 = 36 000 теңге. Алынған сома 25 АЕК-тен аспайды (2025 жылы 3932 х 25=98300), бұл қызметкерге ақпан айына есептеуге 36 000 теңге сомасы беріледі дегенді білдіреді.
Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша бір айға төленетін әлеуметтік жәрдемақының мөлшері тиісті жыл үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес еселенген мөлшерінен аспауға тиіс. ҚР Еңбек кодексінің 133-бабы.