Алтынай Шаймерденова – «Түлкібас көрікті ел» КММ-нің бухгалтері. Ол кәсіподақтың еңбек адамының құқықтарын қорғаудағы және әділдік орнатудағы маңызын терең түсінеді. Бұл туралы Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы хабарлады.
Алтынай үшін кәсіподақ – сенімді тірек әрі кәсіби және әлеуметтік қолдаудың нақты қайнар көзі. Еңбек қатынастары кезінде туындайтын түрлі мәселелерде кәсіподақ оның құқықтарының бұзылуына жол бермей, заң аясында қорғау көрсететін күш екенін айтады.
Бухгалтер ретінде ол нақтылық пен әділдікті жоғары бағалайды. Кәсіподақ осы қағидаларды басшылыққа алып, жалақының уақытылы әрі әділ төленуін, еңбек шарттарының сақталуын, демалыс пен басқа да әлеуметтік кепілдіктердің орындалуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, кәсіподақ ұжым мүшелері арасында ынтымақтастықты, бірлікті және өзара құрметті қалыптастырады. Бұл жұмыс орнындағы жайлы ахуал мен тұрақтылықтың кепілі болып табылады.
Алтынай кәсіподақтың арқасында өзін еңбек ұжымының толыққанды мүшесі ретінде сезінеді. Өз әріптестерімен бірге ортақ мүддені қорғап, ұжым әл-ауқатын жақсартуға үлес қосу оның үшін үлкен жауапкершілік пен мәртебе.
Сондықтан да ол кәсіподаққа адал әрі сенімді мүшелік етеді. Кәсіподақтың мүмкіндіктеріне деген сенімі оның еңбегінің берекесін арттыруда маңызды рөл атқарады.

