КӘСІПОДАҚ – ӘДІЛЕТТІЛІКТІҢ ДАУЫСЫ

Назгүл Молдабаева – Кентау қаласындағы «Көктем» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі әрі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы. Ол үшін кәсіподақ – жай ғана құрылым емес, кәсіби өмірінде әділетке қол жеткізуге жол ашқан, нақты қолдау көрсеткен сенімді қорған. Еңбек жолында түрлі қызметтік қиындықтар мен түсініспеушіліктерге тап болған кезде кәсіподақтың көмегімен мәселелер әділетті шешіліп, оның еңбек құқығы толығымен сақталды. Бұл қолдауды Назгүл Ынтымаққызы өзінің ғана емес, әріптестерінің де құқықтарын қорғауға ықпал етуге мүмкіндік берген үлкен жетістік деп біледі. Бұл туралы Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы хабарлады.

Балабақшада еңбек ету – бұл тек балаларға тәрбие беру ғана емес, үлкен жауапкершілік пен шыдамдылықты талап ететін маңызды іс. Мұндай ортада әділдік пен еңбеккерлердің құқығының қорғалуы аса маңызды. Назгүл Ынтымаққызы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы ретінде ұжымдағы әр қызметкердің мүддесін қорғауды, олардың өтініштері мен мәселелерін тыңдап, оларды кәсіподақ арқылы шешуді өзінің абыройлы міндеті санайды. Оның айтуынша, кәсіподақ – еңбек қатынасындағы теңдікті сақтайтын, қызметкер мен мекеме арасындағы сенімді нығайтатын бірден-бір құрылым.

Әсіресе еңбек жағдайларын жақсарту, тәрбиешілердің құқықтарын қорғау, материалдық қолдау мен ынталандыру мәселелерінде кәсіподақ нақты көмек көрсетіп келеді. Бұл қолдаудың арқасында ұжымда әділдік орнығып, мамандардың кәсіби әлеуеті арта түсті. Назгүл Ынтымаққызы үшін кәсіподақ – әділеттіліктің дауысы. Ол әр қызметкер өзін қорғалған сезінуі тиіс деп есептейді, себебі тек сонда ғана олар өз міндеттерін толыққанды, жан-тәнімен орындай алады.

Қазіргі таңда қызметтік әділеттілікке қол жеткізу – кез келген еңбеккер үшін үлкен жетістік. Ал бұл жетістікке Назгүл Ынтымаққызы кәсіподақтың арқасында қол жеткізді. Сондықтан ол кәсіподақ мүшесі болу – тек құжат жүзіндегі мәртебе емес, бұл – өз құқығыңды қорғаудың, әділдікке жетудің, ұжымдық бірлік пен еңбек өнімділігін арттырудың нақты жолы деп сенеді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды