ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАУДЫҢ КЕҢ ТАРАЛҒАН ТӘСІЛДЕРІ ҚАНДАЙ?

Оларды жасаудың ең көп тараған тәсілі – белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде (инстаграм, телеграм, ватсап) хабарландырулар орналастыру арқылы Интернет-сауда жасау. Әдетте, алаяқтар тауардың немесе қызметтің төмен бағасын көрсетеді және алдын-ала төлем немесе толық төлем жасауды сұрайды.

Алаяқтардың осы түрінің құрбаны болмау үшін:

Біріншіден, тексерілген жарнама сайттарын пайдаланыңыз.

Екіншіден, төлемді тауарды алғаннан кейін жүргізу жөнінде келісіңіз.

Үшіншіден, тауардың бар екеніне, оның ішінде бейне қоңырау арқылы көз жеткізіңіз. Егер сатушы басқа қалада болса, таныстарыңызды немесе туыстарыңызды тауарды алуды және жіберуді өтініңіз.

  • Азаматтар брокерлік компаниялар мен инвестициялық жобаларға олардың күмәнділігіне және ашық болмауына қарамастан ақшаны жылдам көбейту үшін әртүрлі схемаларға қатысуды жалғастыруда.

Алаяқтар ірі компаниялардың, оның ішінде ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар құру арқылы азаматтарды қызықтырады. Бұл ретте «менеджерлермен» және «брокерлермен» барлық қарым-қатынас онлайн-режимде, оның ішінде мессенджерлер арқылы өтеді. Кейбір жағдайларда алаяқтар үлкен соманы тарту үшін дивидендтерді бір реттік төлеуді жүзеге асырады.

Азаматтар күмәнді инвестициялық жобаларға ақша салмауы керек. Инвестиция жасамас бұрын қор нарығын және ақшаны салу жоспарланып отырған жобаның заңдылығын мұқият зерделеу қажет.

  • Келесі кең таралған әдіс – банктердің, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің атынан жасалатын телефон қоңыраулары.

Сонымен қатар алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа жолдарын іздеуді жалғастыруда. Қазір, негізінен SIM-бокс құрылғыларын пайдаланып, шетелдік нөмірлерден және WhatsApp арқылы қоңырау шалу арқылы жасалған алаяқтықтар тіркелуде.

Ақшаның сақталуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың ақшасын шоттан немесе депозиттен қауіпсіз «сақтандыру» шотына аударуға көндіреді, ол кейіннен ұрланған ақшаны одан әрі аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін қолданылады.

Сонымен қатар азаматтар алаяқтардың үгіттеуімен не өз еркімен өз атына несие алып, не олардың айтулары бойынша телефондарына қашықтан қол жеткізу қосымшаларын орнатып, банктерден алынған SMS-хабарлама кодтарын хабарлаған. Осылайша азаматтардың өздері банктер қолданатын барлық қауіпсіздік шараларын айналып өтеді.

Кейбір жағдайларда олар қолда бар мүлікті (пәтер, автокөлік) кепілге қояды немесе сатады, ал түскен ақша алаяқтардың шоттарына аударылды.

Банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан дербес деректерді хабарлауды сұрамайтынын және телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін айта кеткен жөн.

Кіріс қоңырауын алған жағдайда, әңгімелесуші адам өзінің шыншылдығына сенім ұялатса да, сөйлесуді аяқтауыңыз қажет. Алаяқтар адамдарды адастыру үшін психологиялық айлаларды меңгерген немесе олардың қолында жәбірленуші мен оның туыстары туралы ақпарат болады. Мұндай алаяқтық фактілері Интернетте де кездеседі, бірақ көмек сұрау туралы хабарлама әлеуметтік желідегі туыстардың жалған парақшаларынан хабарлама арқылы жіберіледі.

  • Алдаудың тағы бір әдісі — ұрланған ақшаны қайтару қызметі. Әлеуметтік желілерде алаяқтар ұрлаған ақшаны қайтару немесе берілген несиені есептен шығару бойынша заң көмегін көрсету туралы хабарландырулар жариялануда. Бұл ретте азаматтардан қызмет көрсеткені үшін ақы алынады, түрлі сылтаулармен (комиссия, қызмет ақысы, тыйым салуды алып тастау, банктік айыппұлдар және т.б.) ақшалай қаражатты алдап алады. Салдарынан азаматтар тағы да алаяқтардың құрбанына айналады.

Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін:

  • онлайн (жеке қатысуынсыз)қызмет көрсететін адамдарға сенбеу;
  • кездесу кезінде осындай қызметтерді ұсынатын тұлғалардың құжаттарын (жеке куәлік, заң білімі туралы диплом және т.б.)тексеру;
  • қызмет көрсету туралы жазбаша шарт жасасу қажет.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды