Қызметкердің зейнеткерлік жасқа жетуімен еңбек шарты бұзылған кезде өтемақы төлеу міндетті ме? Бұл сұраққа Түркістан облыстық білім кәсіподағының төрағасы Жандос Шайдулла түсіндірме береді.
Еңбек кодексінің 53-бабының 9-тармағында көзделген еңбек шартын бұзу тәртібіне сәйкес мыналар түсіндіріледі:
Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын оны хабардар ете отырып және еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып жол беріледі.
Осылайша, жұмыс беруші зейнеткерлік жасқа толған қызметкермен еңбек шартын бұзған кезде жұмыс істеген кезең үшін жалақы, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы және ұжымдық немесе/және еңбек шартында көзделген өтемақы төлеуге тиіс.
Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда ол жаңа ұжымдық шарт жасалғанға дейін ұзартылды деп есептеле ме?
Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі
158-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және тараптардың жауаптылығы.
- Егер ұжымдық шарттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және тараптардың орындауы үшін міндетті болады.
Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, ол тараптардың ең болмағанда біреуі оның қолданылу мерзімі өткенге дейін жаңа ұжымдық шарт жасасу туралы ұсыныс енгізген кезде жаңа ұжымдық шарт жасалғанға дейін, бірақ бір жылға дейінгі мерзімнен аспайтын мерзімге ҰЗАРТЫЛҒАН БОЛЫП САНАЛАДЫ.
Ұжымдық шартта осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімді шектемей, оны жаңа ұжымдық шарт жасалатын күнге дейін ұзарту көзделуі мүмкін.

