ЕҢБЕК ЕЛЕНУІ ТИІС

Вахиджан Сұлтанов – Кентау қаласы, Қарнақ ауылының Қарнақ жалпы білім беретін мектебінің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы. Ол үшін кәсіподақ – мұғалімнің адал еңбегі мен азаматтық ұстанымын қорғайтын, әділдік пен сенімділіктің шынайы тірегі. Бұл туралы Түркістан облысының кәсіподақтар орталығы хабарлады.

Кәсіподақ – еңбек жолында табанды қызмет етіп жүрген ұстаздардың мүддесін заң аясында қорғай алатын қуатты қоғамдық күш. Бұл ұйымның арқасында Вахиджан Сұлтанов және оның әріптестері әділетті еңбек жағдайларына қол жеткізіп, өз құқықтарының сақталуына көз жеткізіп келеді.

Оның айтуынша, кәсіподақ мүшесі болу – тек формалдық емес, бұл – өз құқығыңды танып-біліп, қажет сәтте оны батыл қорғай алу. Ұжым мүшелерімен бірлесе отырып, әлеуметтік мәселелерді шешуде, құқықтық кеңес алуда, кәсіби сауалдарға заңдық тұрғыдан жауап табуда кәсіподақтың көмегі орасан.

Әсіресе, тәжірибелі педагогтар мен жас мамандар арасындағы сабақтастықты нығайтып, ынтымақты ұжым қалыптастыруда кәсіподақтың орны ерекше. Ол тек қорғаушы ұйым ғана емес, сонымен қатар ұжым ішіндегі татулық пен сенімнің, кәсіби қолдаудың алтын арқауы.

– Мен кәсіподақтамын, себебі әділет пен еңбек еленуі тиіс. Ұжымда әділдік салтанат құрып, әр ұстаздың еңбегі құрметке бөленуі керек. Ал кәсіподақ – осы бағыттағы сенімді серігіміз. Бірлігі мен көздеген мақсаты ортақ ұйым – табысты еңбек пен рухани тұтастықтың кепілі. Сондықтан мен өз орнымды кәсіподақтың қатарынан таптым, – дейді ол.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды