Егер жұмыскер бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса, еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша жәрдемақы қалай төленеді? Бұл сұраққа Түркістан облыстық білім кәсіподағының төрағасы Жандос Шайдулла түсіндірме береді.
Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 907 бұйрығы.
- Жәрдемақы еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында белгіленген мерзімге жұмыс істейтін орны бойынша төленеді.
Егер адам бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істейтін болса, жәрдемақы әрбір жұмыс орны бойынша тағайындалады және төленеді.
Еңбекке уақытша қабілетсіздік парағы бір жұмыс орныға беріледі, ал басқа жұмыс орындарына медициналық ұйымның басшысы куәландырған және осы ұйымның мөрі басылған еңбекке жарамсыздық парағының көшірмелері беріледі.

