«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының жанындағы «Майқала» бастауыш партия ұйымында 15 маусым – әкелер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Шардара аудандық филиалы хабарлады.
Іс-шара «Қамқорлық» отбасын қолдау орталығы ұйымдастыруымен болып өтті. Іс-шараға «Майқала» бастауыш партия ұйымының мүшелері мен » Қамқорлық» орталығының мамандары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – отбасы институтына ғылыми әкенің рөлін дәріптеу, бала тәрбиесіндегі маңызын арттыру және қоғамдағы беделін көтеру.
Іс-шара барысында әкелерге арналған мотивациялық тренингтер, отбасындағы әкенің орны және тәрбиелік ықпалы туралы пікір алмасу ұйымдастырылды.
Балалар тарапынан шағын концерттік бағдарлама ұсынылып белсенді әкелер марапатталды.