Отбасы институтын нығайту және оның қоғамдағы рөлін арттыру – «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасындағы негізгі басымдықтардың бірі. «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты ата-аналар балаға көбірек көңіл бөлуі үшін «Балаңа уақыт арна!» үндеу акциясы жалғасын табуда. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Сайрам аудандық филиалы хабарлады.
Аталған акция аясында «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанындағы «Қарасу» және «Қайнарбұлақ» бастауыш партия ұйымдарында арнайы кездесулер өтті.
Сайрам аудандық партия филиалының төрағасы Қуаныш Адырбекұлы «Көлкент» және «Арыс» бастауыш партия ұйымында ата-аналармен кездесіп, акция аясында бірқатар мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында жұмыс берушілердің жұмыс пен отбасылық міндеттер арасындағы үйлесімділікті табу қажеттігін түсіну мақсатында ата-аналар өз балаларымен көбірек уақыт өткізу үшін жұмыс берушілер қызметкерлерді жұмыстан кейін кешіктірмеуге, мереке күндері жұмысқа шақырмауға үндеу, алдағы жаз маусымында балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау және отбасы институтын нығайту бойынша мәселелер қаралды.
Жиын соңында ата-аналар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, өзара пікір алмасты.