БҮГІН – ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ

Шілде айының бірінші жексенбісінде елімізде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Жүрекке жетер әуенімен ерекшеленетін бұл бірегей ұлттық аспап – қазақ халқының рухани болмысы мен өнерінің айнасы. Домбыра күмбірі сайын даланың кеңдігін, асқар таулардың асқақтығын, бабаларымыздың даналығы мен халқымыздың қайсар рухын паш етеді. Бұл мереке барша қазақстандықтарды біріктіріп, мәдени мұраны сақтау мен оны келер ұрпаққа табыстаудың маңыздылығын еске салады.

Домбыраның күмбірлеген күйі әрбір қазақ отбасының шаңырағын шаттық пен үйлесімге бөлеп, шабыт пен жаңа жетістіктерге жетелей берсін!

Мереке құтты болсын!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды