Қандай санаттағы қызметкерлерге жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы беріледі? Бұл сұраққа Түркістан облыстық білім кәсіподағының төрағасы Жандос Шайдулла түсіндірме береді.
ҚР Еңбек Кодексі.89-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары
Жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары
- Мыналарға:
1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерге Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес ұзақтығы кемінде күнтізбелік АЛТЫ КҮН болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.
2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға ұзақтығы кемінде күнтізбелік АЛТЫ КҮН болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.
- Жұмыскерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін.
- Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипатындағы жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін.
Салалық деңгейде оқу-ағарту қызметкерлері үшін еңбек жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ
- ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ
Тараптар төмендегі жағдайлар туралы келісімге келді:
6.14. Тараптар білім беру ұйымдарының әкімшілік персонал қызметкерлеріне негізгі ақылы еңбек демалыстарының ұзақтығын ҮШ КҮНТІЗБЕЛІК КҮНГЕ ҰЗАРТУҒА КЕЛІСТІ.
ҚР ЕК 154-бабының 2 және 7-тармақтарына сәйкес Салалық келісімнің күші тиісті қызмет саласының мемлекеттік органдарына, тиісті саланың жұмыс берушілеріне, жұмыскерлеріне және олардың өкілдеріне қолданылады, СОНДАЙ-АҚ КЕЛІСІМНІҢ ТАЛАПТАРЫН ЖАЛТАРУ, СОЛ СИЯҚТЫ БҰЗУ НЕМЕСЕ ОРЫНДАМАУ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ЖАУАПТЫЛЫҚҚА ӘКЕП СОҒАДЫ.