Бүгінде елімізде 4,8 мыңнан астам БАҚ тіркелген. Оның ішінде 2,9 мыңға жуығы мерзімді баспасөз басылымдары, 235-і – теларналар, 96 – радио, 1,2 мыңнан астамы – ақпараттық агенттіктер мен желілік басылымдар.
Журналистердің, операторлардың, фототілшілердің қажырлы еңбегінің арқасында қоғам маңызды оқиғалар, сын-қатерлер, реформалар мен жетістіктер туралы жедел ақпарат алады. Кәсібилік, жауапкершілік, іске адалдық, ел мүддесін қорғауға деген ұмтылыс – ақпараттық мәдениетті қалыптастырып, азаматтық келісімді нығайтуға ықпал етеді.
Құрметті БАҚ өкілдері, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге ынтымақтастығыңыз, Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференцияларында көтерген өзекті сұрақтарыңыз үшін алғыс айтамыз. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық және шығармашылық табыс тілейміз!