САУРАНДА 16 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Түркістан қаласында өткен халықаралық «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» форумында жалпы құны 432,2 млрд теңге болатын 7 маңызды меморандум бекітілді. Оның бірі Сауран ауданында іске асатын 16 млрд. теңгелік агроөнеркәсіптік жоба. Жоба аясында шетелдік «Xiang Hopi i Ma Aerial Machinery» компаниясымен екіжақты меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сауран ауданында жобаның жүзеге асырылуы — ауыл шаруашылығы саласын технологиялық жаңғыртуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға, заманауи агротехникалық шешімдер енгізуге мүмкіндік береді. Компания — топырақ өңдеу, егін жинау және агроөндірістік процестерді автоматтандыруға арналған жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы техникасын өндіруге маманданған. Олардың өнімдері тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар көрші елдерге де экспортталады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды