САУРАН АУДАНЫНДА ЖЕКЕ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТТАР ҚҰРЫЛУДА

Мемлекет басшысы Жолдауында инвесторлар тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінде тапсырма берген болатын. Осы міндетті орындау мақсатында барлық аудан және қала әкімдіктеріне өңірде кемінде 5 өндірістік парк құру туралы Түркістан облысының әкімі Н.Көшеровтің тапсырмасы берілген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан және қала әкімдіктері өндірістік парктер түсетін жер телімдерін елді мекен аумағынан инфрақұрылым тартуға қолайлы және логистикалық икемді аумақтардан қарастырып, әлеуетті кәсіпкерлерге ұсынуда.

Аталған өндірістік ғимараттарда өндірістік жобалар, кіші қуатты өңдеу цехтары шоғырландырылып, тұрғындарға жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Қазіргі таңда, Сауран ауданында кәсіпкерлердің есебінен 148 өндірістік жеке шағын өндірістік ғимараттар құрылуда. Сонымен қатар,  Түркістан, Арыс қалалары мен Шардара, Ордабасы, Мақтаарал аудандарында өндірістік ғимараттардың құрылыс жұмыстары басталды. Қалған аудан және қалаларда алдағы уақытта бастау жоспарлануда.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды