Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев отандық «Agrika Asia» компаниясының өкілдерін қабылдады. Олар ауданда ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісі саласында ауқымды инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қызығушылық білдіріп отыр. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Кездесуде инвесторлар Шардара қаласындағы 21 гектарды құрайтын заманауи жылыжай кешенін салу жөніндегі жоспармен таныстырды. Жоба аясында көкөніс сақтау және кептіру комбинаты жүзеге асырылмақ. Одан бөлек, тәулігіне 3 360 тонна өнім өңдейтін томат зауыты мен 200 тонна жем өндіретін зауыт іске қосылады деп күтілуде. Аудан әкімі Арман Қарсыбаев жобаның өңір үшін маңызды екенін атап өтіп, оны жүзеге асыру барысында әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін айтты.
Бүгінде компания томат пастасы, пюре, ұнтақталған көкөністер, сублиматтар, тағамдық қоспалар мен түйіршікті жем секілді өнімдерді әлемдік нарыққа экспорттауды жоспарлап отыр. Олар Еуропадағы «Kraft Heinz», Германиядағы «Agrana Foods», Оңтүстік Кореядағы «Samyang Foods» және Жапониядағы «Marubeni» секілді жетекші халықаралық компаниялар.

