ӘКІМ ДИҚАНДАР МЕН МАЛШЫЛАРДЫ, ТАУАРӨНДІРУШІЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

Түркістан қаласында «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» мерекелік іс-шарасы өтті. Оған облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, ауыл шаруашылығы саласының өкілдерін, диқандар мен малшыларды, тауарөндірушілерді марапаттады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іс-шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Өңір диқандары 300 тоннадан астам өнімін жұртшылыққа ұсынды.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының көрмесі көпшілікке таныстырылды.

«Ауыл аманаты» жобаларының өнімдері де көрсетілді.

Көрмеде өңірде өндірілетін табиғи, экологиялық таза өнімдер қойылды.

Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімінің республикадағы 13%-ын өндіреді.

2025 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы саласында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндірілді.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 183 млрд теңгеге (+21%) өсті.

Су үнемдеу технологиялары 114 мың гектарға енгізілді.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға егілді (өсу +34 мың га).

Мақта жаңа әдіспен 52 мың гектарға егіліп, өнімділік 2 есеге артты.

Мақта-тоқыма кластері бойынша құны 201 млрд теңгелік 5 жоба іске асуда.

Бұл жобалар 7 мыңнан астам жұмыс орны ашуды көздейді.

Жылыжайлардан 150 мың тоннадан астам көкөніс жиналды (республикалық үлес – 76%).

Ірі қара мал еті экспорты – 27,2 мың тонна, қой еті – 20 мың тонна.

ІҚМ етінің 80%, қой етінің 75% экспортын Түркістан облысы береді.

Ет кластерінде құны 48,9 млрд теңгелік 7 жоба іске асуда.

Нәтижесінде жылына қосымша 35 мың тонна ет өндірілмек.

АӨК саласында 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасы бойынша 295,5 млрд теңгелік 78 жоба жүзеге асады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция 155,6 млрд теңге болды (+1,1 есе).

Тамақ өндірісіне 31,5 млрд теңге инвестиция тартылды (+1,3 есе).

Ауыл шаруашылығы экспорты 355,5 млн доллар болды (+1,1 есе).

Жалпы өнім көлемі 1 трлн 86,9 млрд теңгеге жетті.

Жыл соңында өнім көлемі 1 трлн 207 млрд теңге, НКИ – 105%-ға жетеді деп күтіліп отыр.

Бүгінгі «Алтын күз» мерекесінде ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлеріне құрмет көрсетіліп, еңбек адамдары марапатқа бөленді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды