Шымкент қаласында салқын суды тұтыну нормалары: нені білу маңызды?
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қазаннан бастап халық үшін су тұтыну нормалары енгізілді. Енді сіз суды көбірек тұтынсаңыз – көбірек төлейсіз. Сіз «Су ресурстары-Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметі үшін шоттардағы айырмашылықты байқадыңыз ба?
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС Бас директорының экономика жөніндегі орынбасары Жанатбек Тұрдалиев әлеуметтік нормалардың не екенін, олардың не үшін енгізілгенін түсіндірді.
– Біздің елімізде су үшін ең арзан тариф белгіленген. Осы көрсеткіш бойынша біз әлемнің зерттелетін 90 елінің ішінде үшінші орындамыз. Бірақ суды тұтыну көлемі бойынша Қазақстан алтыншы орында тұр. Бұл – су ресурстарының орынсыз пайдаланылатынын көрсетеді. Өткен жылы Үкімет суды тұтынудың әлеуметтік нормаларын әзірлеп, енгізді. Бұдан былай Сіз суды көбірек тұтынсаңыз – көп төлейсіз.
Ж.Тұрдалиевтің айтуынша, әлеуметтік норма – бір адамға үш текше метрді Үкіметте қазақстандықтардың орташа су тұтынуын талдау нәтижесінде анықтады.
– Талдау жүргізу кезінде Қазақстан бойынша халық үшін тарифтің арасындағы айырма бюджеттік ұйымдар үшін қолданылатын тарифпен салыстырғанда 2900 пайызды құрайтыны, яғни бюджеттік ұйымдардың тарифі халық үшін тарифіне қарағанда 29 есе көп екені белгілі болды. Басқа тұтынушылар мен халық үшін тарифтердің арасындағы айырмашылық 1000 пайызды құрады, яғни басқа тұтынушылардың тарифі 10 есе көп. Сонымен қатар Үкімет бүкіл ел халқының су тұтыну көлеміне талдау жүргізген кезде Қазақстан халқының 49 пайызы суды айына 3 текше метрге дейін тұтынатынын, 3-тен 5 текше метрге дейін халықтың 20 пайызы, 5-тен 10 текше метрге дейін 20 пайызы тұтынатынын, ал 10 текше метрден жоғары халықтың 11пайызы тұтынатынын анықтаған. Талдау негізінде тәулігіне 360 литр су мөлшерінде белгіленген елді мекен тұрғынының орташа тәуліктік су тұтынуы бойынша құрылыс нормалары және ережелері қолданылған. Жергілікті атқарушы органдар бекітетін нормалар да назарға алынған, – деп түсіндірді Жанатбек Тұрдалиев.
Тұтыну нормалары жеке тұлғалар үшін суды тұтыну көлемі бойынша төрт деңгейде енгізілген:
І деңгей – айына 3 текше метрге дейін тұтынатын халық үшін төменгі деңгейдегі тариф;
ІІ деңгей – айына 3-тен 5 текше метрге дейін тұтынатын халық үшін төменгі деңгейдегі тариф +20 пайыз төленеді;
ІІІ деңгей – айына 5-тен 10 текше метрге дейін тұтынумен халық үшін төменгі деңгейдегі тариф +50 пайыз төленеді;
ІV деңгей – айына 10 текше метрден астам тұтынумен және есептеу аспаптарынсыз халық үшін төменгі деңгейдегі тариф +100 пайыз төленеді.
Үйде немесе пәтерде тұратын әрбір тұрғынға су тұтыну көлемі есептеледі. Тұтынушыларға пәтерде тұратын адамдар туралы нақты деректерді ұсынуға кеңес береміз, – деп атап өтті Жанатбек Тұрдалиев. Бұл үшін тізімді egov.kz порталдан жүктеу керек. Жеке кабинетте, «мүлік» бөлімінде. Бұл деректерді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің телеграмм чат-ботына жіберу қажет (сілтеме: wrm_bot), «тұрғындар саны» түймесі. 14 жасқа дейінгі балаларда тіркелмеген жағдайда олардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін тіркеу қажет. Жарамды форматтар: jpg, jpeg, png, pdf,xls, xlsx. Файлдарды бекіту «қағаз қыстырғыш» белгісі бар батырманың көмегімен жасалуы керек.
Бюджеттік мекемелер, жеке кәсіпорындар, бизнес нысандары сияқты су тұтынушылардың топтары тұтынудың әлеуметтік нормалары жүйесіне кірмейді.
Халыққа суды үнемдеудің қандай тәсілдерін қолдануға болады деген сұраққа Жанатбек Тұрдалиев тұтынушыларға бірінші кезекте пәтердегі, үйдегі сумен жабдықтау жүйесіндегі барлық ақауларды жою және бақылау қажеттігін атап өтті. Ақау болса, бір жерде су ағып кетеді, есептегіш айналады, нәтижесінде мұның бәрі біздің қалтамызға орынсыз шығын әкеледі.
Тісті тазалау сияқты қарапайым күнделікті процедураларға назар аударыңыз. Бұл кезде су шүмегін қосулы күйде ұстамаңыз. Тісті тазалау кезінде судың шамамен 15-20 литрі ағып кетеді.
Егер пәтерде тұратын әрбір адам суды тиімді пайдаланатын болса, бұл отбасы үшін ақшаны айтарлықтай үнемдейтінің естеріңізден шығармаңыздар.
«Су ресурстары-маркетинг» ЖШС-нің баспасөз қызметі