2025 жылғы 24 қарашада Түркістан қаласындағы Конгресс холлда үшінші рет Turkistan International Investment & Tourism Forum өтеді. Бұл іс-шара өткізілген жылдар ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын талқылау үшін маңызды халықаралық алаң ретінде өз орнын қалыптастырды.
Форум дәстүрлі түрде жетекші шетелдік сарапшыларды, жоғары лауазымды тұлғаларды, мемлекеттік органдар және іскер топтардың өкілдерін біріктіреді. Инвестицияларды тарту, туристік инфрақұрылымды дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту және Түркістан облысын халықаралық аренада ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Қатысушылар қатарында Қазақстан мен Қытайдың ірі компаниялары, салалық қауымдастықтар және профильді мемлекеттік құрылымдар бар. Форум жаңа идеялар мен жобалардың орталығы болып, Түркістанның Орталық Азиядағы стратегиялық ынтымақтастық орталығы ретінде мәртебесін нығайтуға ықпал етеді.
Іс-шара нәтижелері бірлескен бастамаларды іске асыруға, елдер арасындағы серіктестікті нығайтуға және өңірдің экономикасы мен туристік секторына ұзақ мерзімді инвестицияларды тартуға ықпал етеді деп күтілуде.
«Turkistan Invest» туралы ақпарат: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 246-бабының 10-тармағында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына Түркістан облысының әкімдігінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы №8 «TURKISTAN INVEST» инвестиция тарту және экспортты дамыту аймақтық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталының қатысу үлесін облыстық коммуналдық меншік құрамына қабылдау туралы» қаулысына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «TURKISTAN INVEST» инвестиция тарту және экспортты дамыту аймақтық агенттігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестициялар тарту саласында өңірлік ұйым болып айқындалсын.
- Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 тамызындағы №187 «Инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымды айқындау туралы» қаулысы жойылсын.
- «Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыда туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.