ЕУРОПА ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ МАМАНДАРЫ ШЫМҚАЛАДА БАС ҚОСАДЫ

2026 жылғы 11 сәуірде Шымкент қаласында «AUYL INVEST FEST. Балық шаруашылығы – 2026» халықаралық фестивалі аясында салалық форум өтеді. Іс-шара «Түркістан сарайы» концерт залында ұйымдастырылады. Бұл туралы Шымкент қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Форум Еуропа және Орталық Азия елдерінің мамандарын біріктіріп, балық шаруашылығын дамыту мен жаңа технологияларды енгізу мәселелерін талқылауға бағытталған.

Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев, Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, сондай-ақ Чехия, Дания және Өзбекстанның жетекші ғалымдары мен технологтары қатысады.

Форум алаңында балық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылады. Онда отандық және шетелдік компаниялар заманауи жабдықтарды, инкубациялық шешімдер мен шаруашылықтарды дамытуға арналған био-негіздемелерді таныстырады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды