ЕКІ ЖАҚ ТА ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ӨЗАРА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ ДАЙЫН ЕКЕНДЕРІН БІЛДІРДІ

Түркістан облысы және Шымкент қаласының әкімдігімен Шымкент қаласында  туроператорларының қатысуымен өңірлік туризмді дамытуға арналған жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараның мақсаты – екі өңір арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, туристік өнімдерді бірлесе ілгерілету және сала өкілдері арасындағы байланыстарды нығайту. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Шымкент қаласының әкім орынбасары Арман Сабитов, Облыстық және Шымкент қаласының туризм басқарма басшылары, туристік компаниялардың басшылары, туризм  қауымдастығы қатысты.

Жиын барысында тараптар Түркістан мен Шымкенттің туристік әлеуетін таныстырып, жаңа бағыттарды дамыту, туристік пакеттерді біріктіру, инфрақұрылымды жетілдіру және екі өңір арасындағы туристік ағымды көбейту мәселелерін талқылады. Сонымен бірге, ішкі туризмді жандандыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылып, бірлескен іс-шаралар жоспары қарастырылды.

Туроператорлар үшін Түркістан қаласындағы жаңа туристік нысандар, тарихи-мәдени орталықтар және сервистік мүмкіндіктер жөнінде ақпараттар ұйымдастырылды. Қатысушылар өңірдің тартымдылығын арттыру үшін ақпараттық турлар мен ортақ маркетингтік кампанияларды іске асыру туралы пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында екі жақ та туризм саласында өзара қолдау көрсетуге, бірлескен жобаларды іске асыруға және өңірдің туристік брендін насихаттауға дайын екендіктерін білдірді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды