2025 жылғы 8-10 қазан күндері Шымкент қаласындағы Көрме орталығында AGRITECH TURKESTAN & GROWTECH SHYMKENT халықаралық көрмесінің жұмысы басталады. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы мен Қазақстанның жылыжай шаруашылығы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі Түркістан облысындағы агрошаруашылық құрылымдардың өкілдерін аталған көрмеге қатысып, ауылшаруашылық технологияларының барлық аспектілерімен танысуға шақырады.
Көрмеде жылыжай, баубақша, гүл, бақша дақылдары мен егістік технологиялары, агротехнологиялар мен жабдықтар, суару жүйелері, тұқым және көшет шаруашылығы, сондай-ақ өсімдіктерді қоректендіру және қорғау саласындағы соңғы технологиялық жетістіктер таныстырылады.
Көрме жұмысы аясында «Шаруа-2025» семинары жұмысын бастайды, Түркияның Анталия провинциясынан Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері келіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қаралатын болады.
Көрме мына тақырыптық бағыттар бойынша өтеді:
➢ Өсімдік өсіру технологиялары;
➢ Жылыжай технологиялары мен жабдықтары;
➢ Жылыжай шаруашылығы және фермерлік жылыжайлар;
➢ Тұқым, көшеттер;
➢ Өсімдіктерді қоректендіру және қорғау;
➢ Егістік, бақша және аулалық өсімдіктерді өсіру;
➢ Көгалдандыруға және питомниктерге арналған өнімдер;
➢ Бау-бақша құралдары мен ауылшаруашылық жабдықтары;
➢ Бақшалар мен питомниктерге арналған машиналар мен жабдықтар; ➢ Суландыру, мелиорация және суару технологиялары;
➢ Су технологиялары және су ресурстарын басқару және шығынды азайту;
➢ Суару жүйелері мен жабдықтары;
➢ Гүлдер мен өсімдіктер питомнигі;
➢ Гүл бизнесі және логистика;
➢ Гүл өсіру және дизайн;
➢ Жеміс ағаштары мен бұталардың көшеттері;
➢ Саяжай және ландшафты дизайн;
➢ Дизайн және кеңес беру қызметтері;
➢ Сақтау, салқындату және консервілеу;
➢ Сұрыптау, орау, егін жинаудан кейінгі өңдеуге арналған технологиялар мен жабдықтар.
Айта кетуіміз керек, «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасында ауыл шаруашылығын дамыту бойынша 17 индикаторлық көрсеткіштер белгіленіп, бес жылға арналған жоспарымыздың ең негізгі бөлігін құрайды. Ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгізу – еңбек өнімділігін арттырумен қатар, экологиялық тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басымдық деп білеміз. Ауылдың болашағын инновациямен ұштастыруға бірге қадам жасайық!