Түркістан облыстық мәслихат депутаты Қапалбаев Ғабеден Заманханұлы. Аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қансейтов Қуанышбек Үсіпәліұлы, Аудандық ТҮКШ, АЖ және ЖК бөлімінің басшысы Азизханов Жандос Султанханович, Оңтүстік Жарық Транзит ЖШС Бәйдібек аудандық электр жүйесінің басшысы Герд Ерлан Владимровичтер «AMANAT» партиясының Бәйдібек аудандық филиалында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Бәйдібек аудандық филиалы хабарлады.
Қоғамдық қабылдауға Боралдай ауылдық округінің азаматы және Шаян ауылының тұрғындары келіп, Түркістан облыстық мәслихат депутатына ұсыныс-пікірлері мен шағымдарын жеткізіп, бірқатар өтініштерін айтты. Атап айтқанда, Шаян ауылының тұрғыны Султанбекова Индира аудандық электросетьке хабарласа алмайтынын айтып келді. Ұсынысы бірыңғай колл центр ашып беруін және ватсап желісінде пайдалануын сұрады. Бұл мәселені мекеме басшысы жақын күнде шешілетінін айтты. Жоғарғы Боралдай ауылының тұрғыны Байбосынұлы Асанбек Жоғарғы Боралдай елді мекенінде 4 көшеде асфальті жоқ екенін айтып шағымын білдірді. Аудандық ТҮКШ, АЖ және ЖК бөлімінің басшысы 2025 жылдың жоспарында барын және мердігер компанияның анықталып қойғанын айтты. Жыл соңына дейін тиісті жұмыстар басталатынын жеткізді.
Қабылдау барысында Қапалбаев Ғабеден Заманханұлы тұрғындар тарапынан айтылған өзекті мәселелерді назарына алды. Тиісті бөлім, мекемелерге тапсырмалар беріп, орындалуы қосымша хабарланатыны айтылды.