ЖОЛДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІ ТАПСЫРДЫ

Түркістан облысы мәслихатының депутаты, «АМАNАТ» партиясының фракция мүшесі Нұржан Жамалбеков, Сайрам ауданына іссапармен келді. Қарасу ауылдық округі, Әйтеке би ауылы тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстары бойынша арнайы кездесті. Бұл туралы «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалы хабарлады.

Бүгінде ауыл тұрғындары және ауыл билері мен қоғам белсенділердің басты мәселелері, жол және таза ауыз су жетіспеушілігі туралы көтерді. Сайрам аудандық маңызы бар КХSR-16 автомобиль жолының 8,1 шақырым күрделі жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Шымкентдорстрой» ЖШС тарапынан жүргізіліп, 719,0 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда аудан көлемінде ауыр жүк көліктерінің шамадан тыс жүкті артып жүруіне байланысты, жолға зақымдар келтірілген. Ауыл тұрғындардың өтініші мен ұсыныстарына сәйкес, аталған мердігер мекемесі жолдың зақымдалған орындарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген. Алайда Ақсукент-2 ауылында облыстық маңызы бар КХ-3 автомобиль жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне орай, салмағы ауыр жүк көліктері Әйтеке би ауылынан өтіп тасымалдайды. Сол себепті ақаулар қосымша пайда болғанына ауыл тұрғындары наразылық білдірген. Облыстық, аудандық депутаттарының араласуымен, мердігер мекемесі тарапынан кепілдік мерзімі бар болғандықтан, ағымдағы жылдың маусым-шілде айлары ішінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болды. Оған қосымша Әйтеке би ауылына облыстық бюджет есебінен ауыр жүк көліктерінің салмағын өлшейтін таразы яғни құрылғы орнату жоспарланды.

Әйтеке би ауылы тұрғындарының келесі мәселелері бойынша, ауыл тұрғындардың таза ауыз су тапшылығы туралы көтерілді. Бұл бойынша облыстық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Нұржан Жамалбеков, «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалы, қоғамдық қабылдау бөлмесінде мәселе қаралатындығын түсіндірді.

Келесі көшпелі қоғамдық қабылдау Қарасу ауылдық округі, Ақбай ауылының тұрғындарымен кездесті. Ақбай ауылы тұрғындарының ұсыныстары, бүгінде Қарасу-Ақбай орталық маңызы бар жолдың 2024-2025 жылдары аралығы мердігер тарапынан асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген. Алайда бүгінгі таңда жолдың сапасы нашар болуына байланысты, ауыл тұрғындары мердігер мекемесіне наразылық білдірген. Облыстық мәслихат депутаты Нұржан Жамалбеков, мердігер мекемесінің кепілдік мерзіміне сәйкес, мердігерге, аудандық жолаушылар және автомобиль бөлімінің басшысы Баймырза Бисенбаевқа жолдағы ойылған жерлерді қайта қалпына келтіруді тапсырды. Жауапты мекеме басшылары айтылған кемшіліктерді ескеріп, жақын арада жолды қалпына келтіретіндігін уәде етті.

Сонымен қатар, халықтық көшпелі қоғамдық қабылдауға, жол картасы аясында құрылыс нысандардың сапасы мен бөлінген қаржысына мониторинг-бақылау жүргізген «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Акмалжан Исақов, ПБК мүшесі Серік Ибадуллаев, аудандық мәслихатының депутаттары, «АМАNАТ» партиясының фракция мүшелері Бегжан Әлімжанов, Мухиддин Сиддиқов, Ержан Асқаров және Камолиддин Тажиев.

Сайрам ауданы тұрғындарының көтерген басты мәселелері мұқият қаралып, назарға алынып, орындалуы мерзіміне дейін, Партиялық бақылау комиссиясы, мәслихат депутаттары және құқық қорғау органдарының бақылауында болады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды