ЖОЛ САПАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА КӨТЕРІЛДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жұматаев Қуатжан Әзімбайұлы азаматтардың арыз-өтініштері бойынша онлайн және офлайн форматта жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Қабылдауды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Манат Уәлиханқызы жүргізіп отырды.

Қоғамдық қабылдау барысында Ордабасы ауданындағы Төлеби көшесіндегі 2022 жылдан бері шешімін таппай келе жатқан аяқ жол және жарық қою, Аққойлы ауылы мен Сайрам ауданы арасындағы жол бойындағы шұқырларды жамау, Темірлан-Шымкент, Бадам-Аққойлы жолдарының кедір-бұдыр болып кетуі жөнінде, Отырар ауданындағы Ескі Шілік ауылындағы жаяу жүргіншілерге арналған өткелді жарықтандыру және бейнекамера орнату, Созақ ауданында Тасты-Шу ауылы арасындағы облыстық маңызы бар жолдардағы шұңқырлардың тазаланбағаны, сондай-ақ, Жуантөбе-Тасты ауылы арасындағы облыстық маңызы бар жолдардағы шұңқырларға жамау жұмыстарын жүргізу және тағы да басқа жолға қатысты мәселелерді көптеген мәселелерді көтерді.

Облыстық басқарма басшысы өңір тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдап, қойылған сұрақтарға жан-жақты әрі нақты жауап берді. Өтініш иелерінің көтерген сұрақтарының біршамасы сол мезетте шешімін тапса, қаралуы белгілі бір мерзімді күтетін сауалдар партияның бақылауына алынып, нақты мерзімде шешу жолдары қарастырылатындығы түсіндірілді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды