ЖОЛ КАРТАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

Бүгін Сайрам аудандық партия филиалының мәжіліс залында фракция отырысы өткізілді. Фракция мәжілісін «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы, фракция жетекшісі Бекжан Байғалиұлы төрағалық етіп, жүргізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Сайрам аудандық филиалы хабарлады.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов, аудандық мәслихаттың төрағасы Шамхат Халмурадов, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, филиал қызметкерлері және мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде:

  1. Сайрам аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының жылдық жоспарына сәйкес, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевтың 2024 жылғы және 2025 жылдың 5 айында Сайрам ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы жол картасының орындалуы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Ең алдымен фракция жетекшісі Бекжан Байғалиұлы  сөз алып,  Сайрам ауданында сайлауалды бағдарламасы аясында бекітілген Жол картасының орындалуын қатаң бақылауға алуды талап етті. Сонымен қатар аудандағы атқарылып жатқан жұмыстардың кемшіліктері айтылып, бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Фракция отырысының қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар беріліп, тиісті қаулы қабылданды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды