Бүгін «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанындағы Саяси кеңесі Бюросының фракция мүшелерімен бірлескен кеңейтілген кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Түлкібас аудандық филиалы хабарлады.
- «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 ж арналған сайлауалды бағдарламасы аясында бекітілген 2025 жылға Жол картасы индикаторларының орындалуы бойынша Түлкібас ауданы әкімі А.Естібаевтың есебін тыңдау;
- Жол картаға жауапты аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелерінің жауапкершілігін арттыру туралы.
Жиынға Түлкібас ауданы әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сарсенбаев, фракция және Бюро мүшелері мен Жол картаға жауапты мемлекеттік мекеме мен дербес бөлім басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Түлкібас аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Калымжан Егембердиев ағымдағы жылдың 5 айында Жол картаның орындалуы бойынша баяндама жасады. 2025 жылы орындалуы тиіс 39 іс-шараның ағымдағы жылдың 5 айдың қорытындысымен 8-ы (20,5%) орындалды, 31-ы (79,5%) орындалу үстінде, жыл қорытындысымен толығымен орындалады деп күтілуде. Дегенмен, орындалмау қаупі бар индикаторлардың жайы да пысықталып өтті. Сонымен қатар, күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша филиал төрағасы Ержан Жүнісов Жол картаға жауапты етіп бекітілген фракция мүшелерінің әрбір бекітілген тармақшалардың орындалуына жауапкершілікпен қарап, орындалуы жөніндегі тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолдап отыру аса маңызды екендігін алға тартты.
Жиын қорытындысымен Жол картадағы әрбір индикаторға жауапты мекеме және бөлім басшылары жол картасының орындалу барысы жайындағы мәліметтерді әр айдың 15-не аудандық экономика және қаржы бөліміне жолдап отыруы, аудандық партия филиалының төрағасы филиал жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері және фракция мүшелері ауылдық округ әкімдері, бөлім басшыларымен бірлесе ағымдағы жылдың әр айының 25 жұлдызына дейін Жол картасы аясында салынып жатқан, ашылуы жоспарланған нысандардың сапасын қатаң бақылауға алсын және орындалуын бақылау үшін тұрақты түрде мониторинг жұмыстарын жүргізуі, тоқсанына 1 рет аудандық экономика және қаржы бөлімі Жол картадағы тәуекелдері бар индикаторлар бойынша талдау жасап, шешімін табу жолдарын қарастырып, қорытынды мәліметті филиалға жолдауы, Түлкібас аудандық мәслихатындағы депутаттық фракция мүшелері тұрақты түрде өздерінің қатысуымен өткен маңызды, мазмұнды іс-шараларды әлеуметтік желідегі жеке парақшаларына жариялап, белсенділік таныту қажеттігі жөнінде қаулы қабылданды. Отырысты қорытындылаған аудан әкімі Асқар Сұлтанұлы Жол картада бекітілген әрбір тармақтың орындалуы маңызды екендігін ескере келе, орындалуына бірлесіп атсалысуға шақырды.