Ауданымызда мемлекеттік қолдау арқылы өз кәсібін дөңгелетіп отырған жас кәсіпкерлер саны артып келеді. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Солардың бірі – Батыр ата ауылының тұрғыны Тұрғанбаева Айнұр.
Айнұр мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, сублимациялық баспа ісі бойынша отбасылық кәсіп ашты. Қазіргі таңда аудан орталығынан дүкен ашып, түрлі бұйымдарға сурет пен жазу басу қызметін ұсынып келеді.
Айнұрдың жетістігі – табандылық пен еңбектің нәтижесі.