Созақ аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Бағдат Нұржанұлы Абдрахманов аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.
Қабылдауға келген Шолаққорған ауылының тұрғыны жеке куәлігінің ұзарту мерзімінің уақытының өтуіне байланысты салынған айыппұлдың төленбеуінен жеке есеп шоты бұғаттаулы екенін айта келе қоғамдық жұмысқа қатыса алмай жүргенін атап өтті. Өз кезегінде Бағдат Нұржанұлы әйел азаматтың әлеуметтік жағдайын ескеріп, салынған айыппұлды төлеу үшін жеке сот орындаушымен хабарласып, қажетті қаржыны құюға (25 мың теңге) және аудандық Мансап орталығының басшылығымен хабарласып әйел азаматты қоғамдық жұмысқа жіберуге уағдаласты.
Сонымен қатар қайтарымсыз грант алу, денсаулық саласына қатысты бірқатар сұрақтарына ҚР қолданыстағы заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді.