Бүгін, 12 маусым күні, «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде ерекше кездесу өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.
Білім бөлімі басшысы Бекайдар Адамбекұлы Тойлыбаев аудандық AMANAT партиясы филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Сусынұлы Оңғаровтың модераторлық етуінде аудан тұрғындарының тікелей сұрағына жауап беріп, білім саласына қатысты көптеген маңызды мәселе қозғады.
Қабылдау барысында төмендегі өзекті сұрақтар көтерілді:
– «Жайлы мектепке» жұмысқа қалай тұруға болады?
– Бір орында 10 жылдан астам отырған директорлар неге ауыспайды?
– Мектептен себепсіз үш сағатқа кеткені үшін жұмыстан шығарылған мұғалім қайта оралып, әділет іздейді.
– Қаратөбе мектебі қашан жөнделеді?
– Ленгір қаласы, Солтүстік мөлтек ауданындағы оқушы тасымалы неге шешілмей жатыр?
– Ал ата-ананың тәрбиедегі рөлі қайда қалды?..
Қабылдау онлайн және офлайн форматта өтіп, тікелей эфирде көрсетілді. Тұрғындар белсенділік танытып, өткір, орынды сұрақтар қойды.
Бұл – қоғам мен билік арасындағы шынайы диалогтың айғағы.