«AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Кулимов Дархан Нұрланұлы аудан тұрғындарының өтінішіне телефон арқылы жазылған азаматтарға және тікелей қабылдап көтерілген сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қазығұрт аудандық филиалы хабарлады.
Қабылдауға келген тұрғындар А.Тажиева атаулы әлеуметтік көмек пен жұмыссыздыққа берілетін мемлекет жәрдемақысына қатысты сұрақтарын қойды. Нәтижесінде, А.Тажиеваның өтініші бойынша қабылдау орнында көтерілген мәселелері жан-жақты зерделеніп заң шеңберінде жауап берілді.
Ал, Ұ.Аширбаева жастар практикасына қатысты сұрақтарын қойды. Нәтижесінде қабылдау барысында жастар практикасы — меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 5 (бес) жыл ішінде оқушының аяқтаған және 35 (отыз бес) жастан аспаған жұмыссыздарға арналған жобалардың бірі екендігі түсіндіріліп, қандай азаматтар қатыса алатындығы туралы мағлұмат берілді.
Телефон арқылы өтініш білдірген әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындарға бір реттік азық түлік пакеттері үлестірілді.