ЗАҢ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ҚАЖЕТТІ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

 «AMАNAT» партиясы Кентау қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде филиал төрағасы Арман Басаровтың қатысуымен, “Кентау Сервис” МКК Орындаушы директоры Шамабараков Руслан Амирханович қала тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Кентау қалалық филиалы хабарлады.

Қабылдауға жүгінген тұрғындар үйлеріне жылу нашар келетінін айтып және жылу құбырларының дұрыс құрылмағанын айтып, көмек сұрап келді.

Қабылдауға келген тұрғындардың сұрақтарына Шамабараков Руслан Амирханович заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың үйіне барып жылу құбырларын тексеріп беретіндігін және жылу құбыры істен шыққан немесе дұрыс құрылмаған жағдайда, жылу маусымы аяқталған соң, қайта қалпына келтіріп беретінін жеткізді.

Сондай-ақ «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаровтың қатысуымен, Кентау қалалық полиция бөлімі басшысының 1 орынбасары Сарсенқұлов Азамат Ерғалиұлы қала тұрғындарының өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға жүгінген қала тұрғындары жеке төлқұжатын алу мәселесі бойынша және тұрғын үйлердің ауласында кешкі уақытта сағат 23:00-ден кейін жас өспірімдердің жиналуына байланысты учаскелік қызметкерлерін жіберуін сұрайды. Қабылдауға жүгінген қала тұрғыны әмиян және жеке құжаттарын жоғалтып алуына байланысты көмек сұрап келді. Осы мәселелер бойынша көмек сұрап келді.

Қала тұрғындарының көтерген мәселелеріне Кентау қалалық полиция бөлім басшысының 1 орынбасары А.Ерғалиұлы, аталған мәселелерді назарға алып, заң талаптарына сәйкес қажетті іс-шаралар жасалады деп мәлімдеді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды