ЗАҢДЫ САҚТАЙЫҚ – ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ТАПТАТПАЙЫҚ!

2025 жылғы 23 маусым күні Төлеби аудандық білім бөлімінің мәжіліс залында аудандағы мемлекеттік және жеке меншік балабақша меңгерушілері мен бухгалтерлерінің қатысуымен маңызды жиын өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы хабарлады.

Басқосу AMANAT партиясы Төлеби аудандық филиалының бастамасымен ұйымдастырылды. Жиынға педагогика ғылымдарының докторы, профессор, аудандық білім бөлімінің басшысы Бекайдар Адамбекұлы Тойлыбаев қатысты. Аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров баяндама жасап, сөз сөйледі.

Жиынның негізгі тақырыбы – балабақша қызметкерлерінің зейнетақы, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорларына жарналарының уақытылы аударылмауы мәселесі болды.

Партия бұл мәселені әлеуметтік әділеттілік пен еңбек құқығының бұзылуы ретінде қарап, оны жүйелі түрде шешуге бастама көтеріп отыр. Әсіресе жеке меншік балабақшаларда тіркелген, бірақ қорларға төлем жүргізілмей отырған жағдайлар алаңдаушылық туғызуда.

«AMANAT» партиясының Төлеби аудандық филиалы бұл мәселені қатаң бақылауға алып, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп нақты шаралар қабылдайтын болады.

Заңды сақтайық – қызметкердің құқығын таптатпайық!

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды