Бүгін Жетісай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әбішев Мырзабек аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Жетісай аудандық филиалы хабарлады.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй құрылысына рұқсат алу, инфрақұрылым жүйелерін жүргізу, жер телімдерін рәсімдеу, ойын алаңшасын салу, жарықшамдар және басқа да өзекті мәселелер жөнінде сауалдарын жолдап, тиісті жауаптар алды. Әрбір өтініш жеке қаралып, заң аясында кеңестер берілді. Қойылған сұрақтардың басым бөлігіне сол сәтте нақты түсініктеме берілсе, бірқатар мәселелер бойынша бөлім мамандарына тапсырмалар жүктеліп, тиісті жұмыстар қолға алынатын болды.
Қоғамдық қабылдаулардың басты мақсаты – азаматтардың өтініш-тілектеріне жедел назар аудару, шешу жолдарын бірге қарастыру және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру.
Тұрғындарды белсенді болуға, қоғамдық қабылдауларға қатысып, өз сұрақтарын тікелей жеткізуге шақырамыз.