Бүгін «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалының бекіткен кестесіне сәйкес, облыстық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Ағабеков Жаңабай Молдабайұлы, аудандық мәслихат төрағасы Шаулиев Нұржан Бүрлібайұлы және аудандық мәслихат депутаты Төлегенов Нұржан Омарұлы аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы хабарлады.
Алпамыс батыр ауыл округінен келген тұрғын облыстық маңызы бар жолдың күделі жөндеу мәселесін көтерді. Жаңабай Молдабайұлы бұл мәселе бойынша өзіне жазбаша өтініш қалдыруын, тиісті басқармалар алдында мәселесін көтеретінін, тиісті басқармаға депутаттық сауал жолданатынын, қосымша қаржы бөлуге ықпал жасайтынын жеткізді. Ал, ауыз су мәселесі бойынша жеке бақылауға алып тиісті жұмыстар атқаратынын түсіндірді. Ауыл белсендісі ауылында көп балалы анаға газ кіргізуге қаржылай көмек сұрады. Нәтижесінде Жаңабай Молдабайұлы өз есебінен қаржылай көмек қолын созып, мәселесін шешіп берді.
Қошқарата ауыл округінен келген тұрғын жол мәселесімен жүгінген тұрғынға Нұржан Бүрлібайұлы бұл мәселе бойынша жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, қаржы бөлуге ықпал жасайтынын түсіндірді.
Біртілек ауыл округінен келген тұрғын қызының емделуіне шет елге бару үшін квота мәселесін шешіп беруді сұрады. Жаңабай Молдабайұлы анықтамалық жұмыстар жүргізгенін, бұл мәселені облыс көлемінде көтеріп заң аясында шешуге ықпал жасайтынын түсіндірді.
Аудандағы зағип жандарды киелі Түркістан қаласына алып баруды сұраған тұрғынға Жаңабай Молдабайұлы бұл мәселені алдағы уақытта шешуге ықпал жасайтынын түсіндірсе, ауылға қоғамдық көлік мәселесі бойынша Нұржан Омарұлы ауыл округ әкімімен тілдесіп тиісті жұмыстар жүргізетінін жеткізді.