«ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК» БАҒЫТЫ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалында «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе» партиялық жобасы аясында «Құқықтық көмек» бағыты бойынша ауыл тұрғындарының құқықтық білім деңгейін арттыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында қоғамдық қабылдау өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалы хабарлады.

Қабылдау жүргізген Түркістан – Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң консультанты Сейіт Ғабит Ақжігітұлы алдын ала жарияланған хабарландыру арқылы өтінішпен келген азаматтарды қабылдады.

Келіп түскен өтініштер: жер дауы, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайыздық несие алу мәселесі, заңгерлік кеңес алу, т.б. жүгінді.

Түскен өтініштерге Қазақстан Республикасының заңы аясында кеңестер берілді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды