«ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ»

Бүгін аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен және «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйытқы болуымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, Саяси қуғын-сүргін құрбаны, қоғам қайраткері, Сұлтанбек Қожановтың немере інісі Ходжанов Султанбек Сейдуллаұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық ұйым төрағалары, жастар қатысты.

Дөңгелек үстелді аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев жүргізіп отырды. Шара барысында Б.Букебаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай бас қосып отырғандығын айтып, шараның маңыздылығына тоқталды.

Алдымен, «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков сөз алып, бүгінгі шараның маңызы жоғары екендігін және құрбан болған азаматтарға әрқашан тағзым етіп, жас ұрпаққа ерліктерін насихаттау жөнінде пікір білдірді.

Саяси қуғын-сүргін құрбаны, қоғам қайраткері, Сұлтанбек Қожановтың немере інісі Ходжанов Султанбек атасы қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов туралы естеліктерімен бөлісіп, бүгін Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, өткеннен тағылым алар шараның маңызы жоғары екендігін айтып, алғыс білдірді.

Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Ақай Тілес Саяси қуғын-сүргін құрбандарына тарихи баға беру керектігін және жас ұрпаққа Отан үшін жанын қиған қайраткерлердің еңбегін дәріптеу маңызды екендігін атады.

Жиын барысында зиялы қауым өкілдері мен қоғамдық ұйым төрағалары ұсыныс-пікірлерін айтып, жас ұрпаққа тағылым болар осындай шаралардың көптеп ұйымдастыру қажеттігін жеткізді.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қорытындылап, қоғам қайраткері, Сұлтанбек Қожановтың немере інісі Ходжанов Султанбеке  қатысқаны үшін алғысын білдіріп, Сауран ауданы туралы жарық көрген кітапты тарту етті.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды