ТҰРҒЫННЫҢ РИЗАШЫЛЫҚ БІЛДІРУІ – ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА БАҒА БЕРУІ

Бүгін 25 маусым күні «AMANAT» партиясы Созақ аудандық мәслихатының депутаты Сүгірбаев Бағлан Қанжарбекұлы бекітілген кестеге сәйкес партия филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Созақ аудандық филиалы хабарлады.

Қабылдауға келген аудан тұрғындары өздерінің жеке мәселелерін айтты. Атап айтқанда, отбасының жеке мәселелері бойынша құқықтық қолдау көрсетуге, жолдасының денсаулығы бойынша,  әлеуметтік көмек және жалдамалы тұрғын үйінің қаражатын төлеу мәселесі мен тұрғын үй мәселелері туралы аудан тұрғындарынан өтініштер айтылды.

Қабылдауға келген әр тұрғындардың мәселесін мұқият тыңдаған Бағлан Қанжарбекұлы тиісті жұмыстар жүргізу жөнінде сала бойынша бөлім басшыларына ұсыныс беретінін айта отырып, аталған өтініштерінің орындалуын өзінің бақылауында болатынын атап өтті. Сонымен қатар әлеуметтік көмек сұрап келген тұрғынға азық-түлік себетін алуға қаржылай көмек беретінін және де жалдамалы тұрғын үйінің қаражатын төлеу мәселесімен келген тұрғынға бір жылдық пәтер ақысын ай сайын аударып беретінін жеткізді.

Қабылдауға келген әрбір тұрғын халық қалаулысына алғыс білдіріп, ризашылық тілектерін арнады.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды