ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің бекіткен кестесіне сәйкес, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Бахтияр Пердебайұлы Таженов аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген азаматтар газ, электр бағаналарын ауыстыру мәселелері бойынша өтініштерімен жүгінді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы хабарлады.

Қошқарата ауыл округіне қарасты 1 мамыр елді мекенінде табиғи газ құбырлары тартылғанын, алайда үйге қосып беруді сұраған тұрғынға фракция мүшесі аталған Қызылбұлақ көшесіндегі газ қосу бойынша тиісті жұмыстар жүріп жатқанын, алдағы бір апта көлемінде табиғи газ қосу жұмыстары жүргізілетінін түсіндірді.

Электр бағаналары ескіріп, апатты жағдайда тұрғанын айтып, ауыстыруға ықпал жасауын сұрап келген тұрғынға Бахтияр Пердебайұлы қазіргі таңда жоғарыда аталған мәселе бойынша тиісті мекемелер арқылы зерделеу жұмыстарын жүргізгендігін, бағаналарды ауыстыру бойынша жобалық сметалық құжаттары әзірленгенін, келесі жылға ауыстыру жоспарланғанын түсіндірді.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды