ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІМІН ТАПҚАНША БАҚЫЛАУДА БОЛМАҚ

 «AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің бекіткен кестесіне сәйкес, «Ақтөбе» бастауыш партия ұйымында аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Ешанқұлов Кәдірбек Еркінбекұлы округ тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген электр жүйесі, жарықтандыру, аяқ жол және тұрғын үйінің құжаттары мәселелері бойынша өтініштерімен жүгінді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы хабарлады.

Көкбұлақ елді мекенінде электр жүйесінің нашарлығын айтқан тұрғынға фракция мүшесі аталған Мерей көшесіндегі электр жүйесі мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізетінін, аудандағы жауапты мекемеге депутаттық сауал жолдап жазбаша түрінде жауап беретінін түсіндірді.

Жарықтандыру және аяқ жол мәселелерімен жүгінген тұрғынға Кәдірбек Еркінбекұлы қазіргі таңда жоғарыда аталған мәселе бойынша тиісті мекемелер арқылы зерделеу жұмыстарын жүргізгендігін, алдағы уақытта жеке бақылауына алып тиісті жұмыс жүргізетінін түсіндірді. Ал, тұрғын үйінің құжаттары дұрыстау бойынша мекемеге барып, заң аясында көмек көрсететінін жеткізді. Тұрғындардың мәселелері өз шешімін тапқанша фракция мүшесі жеке бақылауында болмақ.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды