ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН АЙТЫЛҒАН ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ НАЗАРҒА АЛДЫ

Бәйдібек аудан әкімінің орынбасары Ақбаев Нұрпейіс Оразханұлы «AMANAT» партиясының Бәйдібек аудандық филиалында азаматтардың арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Бәйдібек аудандық филиалы хабарлады.

Қоғамдық қабылдауға Шаян ауылының тұрғындары келіп, аудан әкім орынбасарына ұсыныс-пікірлері мен шағымдарын жеткізіп, бірқатар өтініштерін айтты. Атап айтқанда Шаян ауылының тұрғыны Ернаров Абзал Кәсіпкерлік мақсатта несие алуға құжаттар тізімін және несие алуға ықпал жасауын сұрады. Бұл мәселе бойынша тиісті мекеме қызметкері толыққанды кеңестер беріліп, тиісті құжаттар тізімі берілді.

Қабылдау барысында Ақбаев Нұрпейіс Оразханұлы, тұрғындар тарапынан айтылған өзекті мәселелерді назарына алды. Тиісті бөлім, мекемелерге тапсырмалар беріп, орындалуы қосымша хабарланатыны айтылды.

Пікір қалдыру

Пікір қалдыруда электронды почтаңыз жарияланбайды