Бүгін «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалының бекіткен кестесіне сәйкес Келес аудан әкімінің орынбасары Тұрдиев Мақсат Сәбитұлы, «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ахметов Ерлан Батырбекұлы аудан тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар Абай ауылы және Ошақты, Біртілек ауылдық округі тұрғындары тұрғын үй, мүгедектікке шығу, жер және инфрақұрылым мәселелері бойынша сұрақтарымен жүгінді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалы хабарлады.
Аудан әкімінің орынбасары көтерілген тұрғын үй мәселесі бойынша қазіргі таңда ауданда 104 үй берілу үшін дайындалып жатқанын, бес санат бойынша берілетінін, ағымдағы жылы он алты үйдің құрылысы басталғанын айтып, тұрғын үйді кезекпен ала алатынын түсіндірді. Мүгедектікке шығу мәселесін тұрғынға ауруханаға жатқызу бойынша тиісті құжаттарын әзірлеуге тиісті мекемеге тапсырма беретінін, ауруханадан шыққан соң заң аясында мүгедектікке шығуға ықпал жасайтынын түсіндірді.
Біртілек ауыл округінен келген тұрғыны учаскелік жерінің құжаттарын дұрыстап беруді сұрады. Мақсат Сәбитұлы бұл мәселелер бойынша тиісті мекемелермен зерделейтінін, алдағы уақытта тиісті бөлімге нақты тапсырма беріп, жеке бақылауына алатынын түсіндірді.