Бүгін «AMANAT» партиясының Түркістан қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан қалалық мәслихат депутаты Сүлейменова Жамила Төреханқызы азаматтарға жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Түркістан қалалық филиалы хабарлады.
Қоғамдық қабылдауға жүгінген қала тұрғындары денсаулық және әлеуметтік сала мәселелерін көтерді.
Қабылдауға жазылған қала тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдалып, заң аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тиісті бөлімдер мен мекемелер арқылы шешу жолдары қарастырылды. Өтініш иелерінің мәселесінің оң шешілуіне ықпал жасалды.
Сондай-ақ Жамила Төреханқызы «Сауран» бастауыш партия ұйымының мүшелеріне көшпелі қабылдау өткізіп, бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті.
Кездесуді ұйым төрайымы және қалалық мәслихат депутаты ретінде Жамила Төреханқызы ашып, жүргізіп отырды. Ол өз сөзінде бастауыш партия ұйымының қазіргі таңда атқарып жатқан жұмыстары туралы кең көлемде айтып, атқарылған іс-шараларға тоқталды.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтеріліп жүрген өзекті мәселелер, атап айтқанда: көше жарықтандыруы, балалар ойын алаңдарының жетіспеушілігі, мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу қажеттілігі мен интернет желісінің әлсіздігі сынды түйткілдер талқыға түсті.
Жамила Төреханқызы бастауыш партия ұйымы мүшелерінің сұрақтарына заң аясында жауап берді.